БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУ – ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауының өзіндік ерекшеліктері өте көп. Әсіресе, Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы біз үшін үлкен жаңалық болды деп айта аламын. Бұл дегеніміз осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан жақты қолдау. Осылайша жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналады. Президент тапсырмасынан кейін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру арқылы үкімет ел болашағы үшін тағы да маңызды қадам жасайды деп сенемін. Ал, бұған дейін қолға алынған рухани жаңғыру бағдарламасы жас ұрпақ пен жастар үшін жасалатын негізгі жұмыстардың алғышарты болмақ.
Ерхан Бақбергенұлы,
Жалағаш аудандық жастар ресурстық
орталығының директоры.
Пікір 3