» » ЖАСТАР ЖЫЛЫН ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

ЖАСТАР ЖЫЛЫН ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНДЫ



Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы өзекті мәселелер қамтылып, халықтың әл-ауқатын арттырудағы негізгі міндеттер айтылды.

Өздеріңізге белгілі, бұған дейінгі Елбасы дәстүрлі Жолдауларында, стратегиялық бағдарламаларында жастар саясатына, оларды қолдауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл жолы да Ұлт көшбасшысы кемел елдің келешегі – жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді айтты. Яғни, 2019 жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Бұған «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекет саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген ел Президентінің қуатты сөзі дәлел болмақ.
Әркез қазақстандық жастар қоғамнан шет қалған емес. Біздерге мемлекет тарапынан үлкен көмек пен қолдаулар көрсетіліп келеді. Жастар саясатын дамыту жолында да жүйелі жұмыстар жасалуда. Елбасының келешегімізге бағыт-бағдар беріп, ұлы мақсаттарға жетелейтін қуатты сөздері бізге қанат бітіріп, жанымызға жігер сыйлады. Біздер, бүгінгі жастар жауапкершілік жүгін сезіне отырып, өзімізге артылған сенімді ақтауға тиіспіз.

Аяна МАХАНОВА,
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының Жалағаш елді мекеніндегі қызмет көрсету орталығының басшысы.
05 қазан 2018 ж. 1 005 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930