ЕЛІМІЗ ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Əлемдік тəжірибеде олар барлық өзгерістер мен жаңашылдықтардың қозғаушысы екендігіне дау жоқ. Бұл ретте, елдегі әрбір жас Елбасының стратегиялық бастамаларын жоғары бағалап, оларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуі тиіс деп ойлаймын.
Өткен аптада Президент Əкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Үкімет басшысының орынбасарлары жəне қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен «Жас Отан» жастар қанатының кезекті съезіне аудан жастары атынан барып қайттық. Екі күнге созылған съездің ашылу салтанатында Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова оқып берді. Онда «Жас Отанның» елін, жерін сүйетін, өз болашағын Қазақстанның кемел келешегі мен байланыстыратын, мыңдаған білімді де белсенді жастардың бастарын біріктіретін, Елбасының барлық бастамалары мен стратегиялық жоспарларының сенімді тірегі болып келе жатқан беделді ұйым екені айтылды. «Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мəселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болып, бұл салада көптеген бағдарламалар жүзеге асырылды. Мен осынау еңбектің жеңісі мен қамқорлықтың жылуын жастарымыз жақсы білетініне кəміл сенемін.
Қазір бүкіл əлем ауқымды өзгерістерді бастан кешіруде. Төрткүл дүние Төртінші өнеркəсіптік революция дəуіріне қадам басты. Біз ұзақ мерзімді мақсаттарымызға қол жеткізу үшін осындай қарқынды өзгерістерді де өз пайдамызға қарай сəтті жүзеге асыруымыз керек. Сол үшін біз Қазақстанда саяси, экономикалық, рухани жəне əлеуметтік жаңғыруларды қолға алдық», делінген құттықтау хатта.
Жастар съезінің «Жаңа əлемге жол саламыз» деген ұраны жас буынның жаңашылдыққа ұмтылысын аңғартып, көңілге қуаныш ұялатады. Дәл бүгінгідей көз ілеспес қарқын алған әлемнің даму үрдісінен қазақстандық жалынды жастар мойымақ емес. Елбасының сенімін, ата-ананың үмітін арқалаған дарынды жастар егемен елдің кемел келешегінің кепілі екенін тағы да бір дәлелдеді.

Айдос ҚОЖАМҰРАТОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ бөлім басшысы.
аудандық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ бөлім басшысы.