Артқан сенімді ақтауға тиіспіз
Наурыз айының соңғы күндері еліміздің бас қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті ІV съезі өтті. Қызылордалық жастар да көштен қалмай 40-қа жуық делегат Елордаға сапарлап, тарихи жиынға қатысып қайттық.
Съезд барысында «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды. Мұнымен қоса, съездің алғашқы күні «Jas Otan conf» деген тақырыптағы конференциямен басталды. Елдің әр аймағынан келген барлық делегаттар пікірталас алаңында ашық әңгіме өрбітіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, конференцияда жастар саясатын одан әрі дамыту туралы айтылып, белсенді жастар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қуантарлық жайт, биылғы жылдың басында «Жас Отанның» тарихында алғаш рет Орталық кеңеске сайлау онлайн тәртібінде өтті. Бұл бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 363 үміткер өз кандидатурасын ұсынып, оның 16-сы Орталық кеңес мүшелігіне енген болатын. Осыған қарап-ақ, «Жас Отанның» қанаты қатайып, тәжірибесі жылдан-жылға толығып келе жатқанын байқаймыз. Расында, қазақстандық жастардың жігерлі де белсенді, әрі іскер екенін съезд барысында көрген аға буын өкілдері дарынды жастарға сәттілік тілей отырып, зор сенім артты.
Шын мəнінде бүгінгі жаһандану заманында ұлттық болмысты сақтап қалудың маңызы зор. Оның үстіне Ел мен Елбасы «Рухани жаңғыру» аясындағы міндеттерді жұмыла көтерген «Нұр Отан» мен «Жас Отанға» үлкен үміт артады. Нағыз патриоттық сезім, отансүйгіштіктің өзі елдің дамуына, озық елдердің қатарына қосылуына белсене үлес қосудан бастау алатыны белгілі.

Меруерт БАЙНА,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі.