» » Премьер-министр жолдаудың орындалуын қатаң бақыламақ

Премьер-министр жолдаудың орындалуын қатаң бақыламақ

ÐаÒÑÑжан СаÒÑнÑаев

Бүгін үкімет Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы міндеттерді орындаудың жоспарын бекітті. Құжатта әр шендінің, яғни министрлер мен әкімдердің немен айналысу керектігі түгел жазылған. Ал оның орындалуын Бақытжан Сағынтаевтың өзі қадағаламақ. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатты Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Онда жоспарға қойылған 100 шара 6 бағыт бойынша қарастырылған.
Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған еді. Бұл орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігін үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ал аймақ басшылары мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерді көптеп салуға міндеттелді. Ал әр шендінің қызметін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың өзі қатаң бақылаймын деп отыр.
“Ұйымдардың бірінші басшылары, өңірлердің әкімдері жалпы Ұлттық жоспардағы шаралардың іске асырылуын уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін болсын”, – деді премьер.


Stan.kz


10 қазан 2018 ж. 677 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 194

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031