» » Нұрсұлтан Назарбаев Қырғи қабақ соғысы кезінде қабылданған актіні жаңартуды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғи қабақ соғысы кезінде қабылданған актіні жаңартуды ұсынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Клуб» пленарлық отырысының ашылуында 1975 жылы қабылданған Хельсинки қорытынды актісінің 45 жылдығына орай 2020 жылы конференция өткізіп, актіні жаңарту туралы ұсыныс тастады.


ÐÒ±ÑÑұлÑан ÐазаÑбаев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өз сөзінде елбасы әлемдік державалар қашанда күллі адамзаттың келешегін ойлап,  әлемдік мәселелерге жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.
«Жақында Парижде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар келіссөздер мен диалогтардың жоқтығынан басталғаны туралы айтылды. Менің ұсынысымның мәні – әлемдік державалар әрқашан адамзаттың болашағын ойлап әлемдік істерге аса жоғары жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ. Осы төрт тарап қазіргі заманда диалогтың жаңа форматын табуы тиіс», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар президент Қырғи қабақ соғысы кезінде 1975 жылы қабылданған актіні жаңарту туралы ұсыныс тастады.
«Мұның оңай емес екенін түсінемін, бірақ осы төрт тарап бас қосып, экономикалық, саяси, әскери және басқа да мәселелерді талқылауы үшін Астана алаңқайын ұсындым. Осы тұрғыда Қырғи-қабақ соғысы кезінде қабылданған 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісін жаңартқан жөн деп санаймын. Осы стратегиялық құжаттың қабылданғанына 45 жыл толғанда – 2020 жылы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша конференция өткізуді ұсынамын», – дейді мемлекет басшысы.
Елбасының пікірінше, қорытынды келіссөздерге келесі жылдан бастап дайындала бастау керек.

«Қазақстан болашақта мұндай шараны өткізуге дайын, өйткені біз осы жүз жылдықта бір-ақ рет болған ЕҚЫҰ саммитін өткіздік. Әлбетте, бұл жағдайда көп нәрсе әлемдік державалардың ұстанымына байланысты болады. Сол себепті әлемдік державаларды жаңа келісімге келу үшін бірігіп жұмыс істеуге шақырғымыз келеді», – дейді президент.

Айта кетсек, 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде ЕҚЫҰ-ға мүшелік ететін мемлекеттердің басшылары мен үкіметтері бірінші саммитінің қорытынды актісі қабылданған. Халықаралық-құқықтық, әскери-саяси, экономикалық,  гуманитарлық салалардағы мемлекетаралық келісімдер қарастырылған актіге 35 ел қол қойған.

Stan.kz




13 қараша 2018 ж. 449 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930