Жынымды келтірмеңізші: Желіде аты шыққан шенеунік жаңа қызметке тағайындалды
Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сілтеп Stan.kz.
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссияның Қазақстан Республикасы атынан Еуразия экономикалық комиссиясының мүшесі (министрі) болып тағайындалды және Еуразиялық экономикалық комиссияның басқарма құрамына кірді", - делінген хабарламада.Сәуір айында Серік Жұманғарин ұлттық эконоимика вице-министрі қызметінен босатылды. Өзінің мансабында монополияға қарсы басқарма төрағасы, өңірлік даму вице-министрі, монополияға қарсы комитеттің аймақтық бөлімдерін басқарған.
Бұған дейін Жұманғарин тілшіге "Жынымды келтірмеңізші" дегені үшін қазақстандықтардың сынына қалған еді. Кейін ол сөзі үшін кешірім сұрады.