» » Тоқаев: Назарбаевпен кеңесуден ұялмаймын (видео)

Тоқаев: Назарбаевпен кеңесуден ұялмаймын (видео)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия" телеарнасындағы "Вести недели" бағдарламасына сұхбат берді. Мемлекет басшысы бағдарлама жүргізушісінің мемлекетті көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін басқару қаншалықты қиын екені жайлы сұрағына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаевтың сөзінше, бастысы жауапкершілік пен "ел тағдыры сенің қолында" екенін сезіну керек. Бұл алға жетелеп, тәртіпке үйретеді.

"Қиын, бірақ ең бастысы - ол жауапкершілік. Жауапкершілікті сезіну, сенің қолыңда мемлекеттің тағдыры тұрғанын түсіну- ең бастысы осы" , - деді Тоқаев.

Президент түрлі өзекті мәселелерге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірін сұраудан ұялмайтынын мойындады.

"Оған қоса, менде тұнғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кеңесуге мүмкіндік бар. Одан сұраудан ұялмаймын. Меніңше, қазақи транзиттің мән-мағынасы осыда" , - деді мемлекет басшысы.

Президенттің сұхбатын 36 минуттан бастап көруге болады.





https://kaz.nur.kz
03 маусым 2019 ж. 696 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930