» » Полковник, самбодан чемпион: Президенттің жаңа кеңесшісі туралы не білеміз?

Полковник, самбодан чемпион: Президенттің жаңа кеңесшісі туралы не білеміз?



Бүгін Мақсат Сқақов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Осыған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Сқақов 1978 жылы Қызылорда облысы Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген.
Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тарих, құқық негіздері және экономика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қарағанды мемлекеттік университетінде "Мемлекеттік жене жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алған.
2011 жылы АҚШ-тағы Йоркск университетінде философия докторантурасын тәмәмдаған.
Сқақов өз мансабын ішкі істер органдарынан бастап, кейіннен президент күзет қызметінің қызметкері атанды.
Сонымен қатар, ол Білім және ғылым министрлігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Дербес сауда-кәсіпкерлік палатасында, ҰҚК-да қызмет етті.
Бүгінде президенттің штаттан тыс кеңесшісі болған Сқақов премьер-министрдің кеңесшісі қызметін де атқарған.
Сондай-ақ, түрлі медальдармен, граматалармен марапатталған. Ол ҚР ҚК әскери самбодан чемпион, самбо мен дзюдодан халықаралық санаттағы спорт шебері. Сондай-ақ, Сқақов та полковник шені де бар.
Президенттің штаттан тыс кеңесшісі үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Ол қазақ, орыс, араб және ағылшын тілдерін меңгерген.



https://kaz.nur.kz
18 маусым 2019 ж. 901 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031