» » Мені ешкім тыңдамайды - Қанат Бозымбаев

Мені ешкім тыңдамайды - Қанат Бозымбаев



Бензин бағасын министрлік емес, нарық реттейді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.


«Бензин бағасын мен емес,нарық реттейді. Мені ешкім тыңдамайды. Көшеге шығып, оларға «бағаны түсір, көтер» деп айта алмаймын. Олай айтсам, компаниялардың мені сотқа беруге құқығы бар», - дейді Қанат Бозымбаев. 

Оның айтуынша, қазір бензин бағасы арзандаған. Оған себеп нарықтағы сұраныстың төмендігі. 

«Республикада АИ-92 бензинінің бағасы 2018 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 6,9 %-ға төмендеді. Қазір 1 литр АИ-92 - 147,6 теңге тұрады. Сондай-ақ, АИ-95/96 маркалы бензин де 3,8  %-ға арзандады. АИ-98 бір жылдың ішінде 3,4  %-ға төмендеп, литрі 185,9 теңгеден сатылып жатыр», - деді министр.


 
Фото: ашық дереккөз
https://baq.kz


21 маусым 2019 ж. 997 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031