» » «Қайсар-КАМ-ҚМУ» Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

«Қайсар-КАМ-ҚМУ» Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Алматы қаласында гандболдан əйелдер арасында өткен 4-ші клубтық Азия чемпионатында қызылордалық «Қайсар-КАМ-ҚМУ» командасы 1-орынды жеңіп алды.

Жарысқа Солтүстік Корея, Өзбекстан, Алматының «Алматы» гандбол клубы жəне «Қайсар-КАМ-ҚМУ» командалары қатысты.
Нəтижесінде жерлестеріміз 12 ұпаймен жеңіске жетіп, екінші мəрте клубтар лигасының Азия чемпионы атанды.
Команданы дайындаған бапкер, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ким Вячеславтың айтуынша, команда 3 рет клубтық Азия чемпионатына қатысып, оның екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде күміс жүлдені иеленді.
Сондай-ақ, команда 1-4 тамыз аралығында Уси қаласында (Қытай) өтетін клубтар лигасы арасындағы Əлем чемпионатына жолдама алды.




https://syrboyi.kz
03 шілде 2019 ж. 422 0