Головкиннің «Канеломен» үшінші айқасы үшін қанша гонорар алады
Дуваның айтуынша, Альварестің промоутерлері мексикалық боксшымен өтетін жекпе-жек үшін Ковалевқа тым аз гонорар ұсынған.
«Көп келіссөз жүргізілді. Бірақ Golden Boy-дағылар көңіл көншітерлік ештеңе ұсынған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Дэниэл Джейкобс «Канеломен» жұдырықтасқаны үшін 15 млн доллар алды, сыбыстарға сенсек, Геннадий Головкинге 25 млн уәде етілген. Ал Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу үшін Джаррелл Миллер 6,5 млн алуы тиіс. Джошуаны АҚШ-та тіпті жұрт танымайды да. Осыларды көргеннен кейін ойланасың да. Сергей «Канеломен» кездесер-ақ еді, бірақ Golden Boy мен DAZN бұған шындап кірісуі керек қой», - дейді промоутер World Boxing News-ке берген сұхбатында.
egemen.kz