» » Ақ олимпиададағы алғашқы жүлде

Ақ олимпиададағы алғашқы жүлде

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Фристайл спортының могул түрінен сынға түскен отандасымыз Юлия Галышева гранд финалда 77.40 ұпай жинап, қола жүлдені қанжығасына байлады.
Қазақстандық спортшы финалдық бәсекенің алғашқы кезеңінде 75,10 ұпаймен жетінші орыннан көрінді. Ал, келесі финалдық кезеңде 76,81 ұпаймен үздік алтылыққа еніп, қола медаль үшін сынға түсетін спортшылардың қатарына енді. Ал соңғы финалдық сайысты Галышева бірінші болып бастап, 77.40 ұпай жинап, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальды салды. Бұл нәтиже оның қола жүлдені иеленуіне жеткілікті болды. Күміс жүлде Сочи Олимпиадасының жеңімпазы канадалық Жюстин Дюфур-Лапуантқа (78,56) бұйырса, франциялық Перрин Лаффон (78,65) Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл Юлия Галышеваның үшінші Олимпиадасы. Ол бұған дейін Ванкувер Олимпиадасында 11, Сочи Олимпиадасында жетінші орын иеленген еді. Жеңімпаз спортшымен бірге бұл сынға 16 жастағы отандасымыз Аяулым Әміренова да қатысқан болатын. Бірақ, байрақты бәсекеде бақ сынаған бұл спортшы екінші іріктеу кезеңінде төмен ұпай жинап, іріктеуден өте алмады.
«ЖЖ» ақпарат.

17 ақпан 2018 ж. 1 118 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031