» » Денис Тен спорттағы карьерасын тоқтатады ма?

Денис Тен спорттағы карьерасын тоқтатады ма?


Бүгін Сеул-Алматы бағытындағы KС-910 рейсімен 2018 жылғы Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева, соынмен қатар Павел Колмаков, Денис Тен, фристайл могулдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары, шаңғы акробатикасынан Қазақстан ұлттық құрама мүшелері Алматы әуежайына ұшып келді. Мұнымен қатар, Денис Тен сәтсіздіктен кейінгі әсерін бөлісті.
Спортшыларды салтанатты түрде көптеген журналис пен жанкүйер, сонымен қатар ҚР ҰОК мүшелері мен Алматы қаласының Дене шынықтыру және спортбасқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев қарсы алды.

«Әрине, бәрі де аяқ асты болды. Маған тек өзімнің командам емес, бүкіл қазақстандықтар мен жақын адамдарым қолдау көрсеткенде шын қуандым. Оңтүстік Кореяға арнайы келіп, Алға, Қазақстан деп бізге жанкүйер болған адамдарға алғыс айтқым келеді, олардың қолдауы бізге өз септігін тигізді. Алған әсерім өте керемет, басқа жарыстардан қарағанда, бұл жарыс өте ерекше болды. Әрине, біз алтын аламыз деп үміттенген едік, алайда мақсат үздік үштікке кіру болатын. Ойымызды іске асырып, риза болып отырмыз. Мен үшін қола – алтын медальға теңеледі», – деп Юлия Галышева Олимпиададан алған әсерін бөлісті.

Оның айтуынша, екі күннен кейін ол Жапонияға әлем кубогіне қатысып, ары қарай Швейцария мен Франция еліне аттанады. Содан кейін барып қана Қазақстанға қайта оралмақ. Ал, керісінше, халық үміт артқан алматылық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенешқайда асықпайтынын мәлімдеді. Оны алда бір апталық үзіліс және физиотерапиялар күтуде, содан кейін өз бапкерімен алдағы жоспарларын талқыламақ.

«Бұл менің үшінші Олимпиадам. Мұзға оралып, өз бағдарламамды орындағаныма өте қуаныштымын. Әрине, қиын маусым болғандықтан, орын алуым екіталай болды. Бірақ мен еңсемді түсірмеймін, жаттығуымды жалғастырамын, алайда, менің әлем чемпионатына қатысатыным әлі белгісіз. Егер де мен оған қатыспасам, Қазақстаннан ұлдар арасында мұзға шығатындардан ешкім болмайды. Жалпы, Олимпиада мен үшін тез өтіп кетті, бірақ та маған қызықты әрі пайдалы болды. Бұл ойындарды сөзбен айту мүмкін емес. Бұл шараға қатысқан үшін өзімді бақытты сезінемін», – деді Денис Тен.

Өз кезегінде Денис Тен Юлия Галышеваны осы тарихи қола медалімен құттықтап, айтылған тілектерге қосылды.


Дереккөз: baq.kz
21 ақпан 2018 ж. 668 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930