» » Қазақстан құрамасы каратэден 4 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы каратэден 4 медаль жеңіп алды

Бір күміс және үш қола жүлдені еншіледі.

Қазақстан құрамасы каратэден 4 медаль жеңіп алды


Мәскеуде каратэден Karate 1 Премьер-лига жарысы аяқталды. Қазақстандық каратэшілер бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды, деп жазады olympic.kz.

"Финалдық кезеңде қазақстандық Ермек Айназаров бес дүркін әлем чемпионы, әлем рейтингінде үшінші орында тұрған әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен кездесті. Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы бірге шықты", - делінген таратылған ақпаратта.

Дархан Асаділов пен Дәулет Шымырбеков арасындағы кездесу Дәулеттің еншісіне шешілді. Сондай-ақ, 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірали грузиялық қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, қолаға қол жеткізді.

Әйелдер құрамасынан 68 келiден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева түркиялық Хокалгу Мелтемді 7:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды.


07 қазан 2019 ж. 509 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031