Альварестің бапкері: 2020 жылы "Канело" Головкинмен кездесуі ықтимал

Бұл туралы The Athletic беделді инсайдері Лэнс Пагмайр Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Эдди Рейносо "Канелоның" мамырда өтетін жекпе-жегіне бірнеше боксшының қарсылас ретінде қарастырылып жатқанын айтты. Бұл тізімге Геннадий Головкинді қосқан, сондай-ақ олардың арасында Джермалла Чарло мен Билли Джо Сондерс бар. Бұдан бөлек, ол "Канело" жеңіске жетіп жатса, Бетербиевпен қолғап түйістіруге қарсы еместігін мәлім етті", - деді ол.
Еске сала кетсек, украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін Геннадий Головкин IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қайтарып алды.
Бұдан бұрын DAZN вице-президенті Джо Марковски мәлімдегендей, "Канело" мен GGG-дің үшінші жекпе-жегі туралы келіссөздер Альварестің 2 қарашаға жоспарланған Сергей Ковалевпен кездесуінен кейін басталады.
Егер тараптар келісімге келсе, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтуі мүмкін.
kaz.nur.kz