"Канеломен кездесу өткізгіміз келеді": Қанат Исламның менеджері мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшының менеджері Нельсон Лопес ертеңгі кездесуді әлемдік бокс жұлдызы Сауль Альвареспен жекпе-жек алдындағы "трамплин" деп есептейді.
"Егер Уолтермен жекпе-жек біз жоспарлағандай өтсе, онда одан кейін "Канеломен" жұдырық түйістіргіміз келеді. Біз бәріне дайынбыз.Әлемдік рейтингте 8-орындамыз, бірақ біз бірінші болуға тиіспіз. Сауль Альварес Қанат Исламмен жұдырықтасуы керек. Біздің командамыз бұл жекпе-жектің Қазақстанда өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деген Нельсон Лопес Қазақстанға ақша үшін келмегенін, су жаңа әлем чемпионын көргісі келетінін алға тартты.
kaz.nur.kz