» » АҚТЫҚ МӘРЕДЕ ҚАЙ КЛУБ ӨНЕР КӨРСЕТСЕ ДЕЙСІЗ?

АҚТЫҚ МӘРЕДЕ ҚАЙ КЛУБ ӨНЕР КӨРСЕТСЕ ДЕЙСІЗ?

Биылғы футболдан Чемпиондар лигасында кейбір командалар арасындағы ойын тартысты өтті демесеңіз, топтық кезеңге кімдердің шығатыны аса жұмбақ бола қойған жоқ. «А» тобында «Брюге» мен түркиялық «Галатасарайды» соңына ерткен «ПСЖ» мен «Реал Мадрид» әдеттегідей 1/8-ге жолдама алды. «В» тобында да мюнхендік «Бавария» мен былтыр ақтық мәреде Юрген Клопп шәкірттеріне жол берген «Тотенхэмнің» келесі кезеңге өтетіні белгілі болды. Ал өткен жылы жартылай финалда сүрінген «Аякс» енді Еуропа біріншілігінде бақ сынайды. Нидерландық клуб Чемпиондар лигасындағы карерасын әдеттегіден әлдеқайда ерте аяқтады.
Бұл ойында құрамаға бірқатар өзгеріс енгізген «Интер Миланға» жеребе жолдас болмады. Соңғы орынға жайғасқан «Славия Прагамен» алғашқы ойында тең тарқаспағанда, чемпиондар лигасынан Баруссиялық Дортмунд шеттетілер ме еді? Енді Еуропа біріншілігінде ақтық мәреге дейін ба­ру үшін интерлік Миланға мүмкіндік мол. Бастысы клубқа жақында келген белгиялық ойыншы Ромелу Лукаку шабуылда ширақ қимылдаса болғаны.
Алдағы жылы өтетін 1/8 ойындары жұмбақ болғалы тұр. «Лион» мен «Ювентустан» басқа клубтар ара­сын­дағы кездесуге біржақты пікір айту қиын. Мәселен «Атлетико Мадрид» қор­ғанысы тас қамалдай болғанымен кейде шабуылда шатқаяқтап жатады. Ал Юрген Клопп шәкірттері С.Мане мен М.Салах қос қапталдан қарсы шабуылды үдеткенде, қарсыласының қақпасында доптың жиі тулайтынын көзіміз көріп жүр. Десе де бұл клубтың қорғанысы кейде сыр беріп жатады. Реал Мадрид үшін де «Манчестер Сити» оңай қарсылас емес. Басында өз лигасында бірнеше кездесуде қарсыласына есе жіберген мадридтік клуб соңғы уақытта нәтижелі ойын көрсетіп жүр. Бастысы Мадридтегі орталық алаңда өтетін алғашқы кез­десуде Зиданның шәкірттері көп гол соғуы керек, қорғанысқа да басымдық беруі қажет. Себебі өз жерінде англиялық клубтың қарсылас шақ келтірмейтінін бұған дейін де көріп жүрміз. Бұл кездесуде «Ювентустан» басқа клубқа жеребе жолдас болмаған сыңайлы.
«ПСЖ» өз құрамын толықтай жасап алды. Неймар, Кавани, Мбаппе бұрыннан қос қаптал мен ортаның шабуылын жүйелі ұйымдастырса, қазір олардың қатарын аргентиналық Икарди толықтырды. Бі­рақ құрамы жас ойыншыларға то­лы­ «Баруссия Дортмунд» та осал қарсылас емес. Германия кубогында мюнхендік «Баварияны» лайықты қар­сы­лас санамаған Юрген Клопптың бұрынғы шәкірттері франциялық клубқа тың тәсіл қолданып кетуі ғажап емес. Мұндай жұмбақ ойындар «ПСЖ» үшін жаңалық емес. Футбол сүйер қауым былтырғы «Манчестер Юнайтедпен» өткен кездесуге қанық болса, «Автор неге мұндай біржақты байлап жасады?» деген сауалға жауап табады.
Көзі қарақты оқырман мұндайда «Ау, біздің қазақстандық қос клуб қайда?» деуі әбден мүмкін. «Астана» мен «Қайрат» П.Тфумаси, Ж.Гооулар барда әлемдік қос лигада өзіне лайықты ойын өрнегін көрсетіп жүрген. Бірақ бұл жолы мүмкіндік мол болғанымен отандық клубтар соны пайдалана алмады. Алматылық клуб А.Аршавин мен И.Барбозалар барда адуынды еді. Қазір қайраты қатты «Қайраттың» қайраты қайтқан. «Астанада» да бұрынғыдай тартымды ойын жоқ.
Биылғы Чемпиондар лигасында ку­бок кімге бұйырады? Бұл бәріміз үшін жұмбақ. Бірақ ақтық мәреге әдеттегідей католониялық клубтың өтетіні белгілі сияқты. «Ал оның финалдағы қарсыласы кім болмақ?» деген сауалға жауапты уақытында айтқан абзал. Себебі кіл мықтылар оза шапқан лиганың алдағы ойындары беймәлім. Бір белгілісі «Лион», «Челси», «Аталанта», «РБ Лейпциг» үшін ол мүмкіндіктің жолы алыс. Бірақ былтыр 1/8-ге әупірімдеп жеткен «Тотенхэмнен» ешкім «Манчестер Ситиді» шаң қап­тырады деп күткен жоқ. Ал қалғанын алдағы жылдың еншісіне қалдырайық. Айтпақшы жаңа жоғарыда «Автор әңгімені «Барселонаға» лайықты қарсылас кім» дегенге тіреп отыр деп сөге көрмеңіздер. Орта жолда «Ювентуспен» кездесіп қалса, католониялық клубтың да келесі кезеңге өте алмай қалуы ғажап емес. Жәй өз басым «Барселонаны» ақтық мәреде көрсем» деген ниетпен айтып отырғаным ғой. Ал сіз қай клубтың финалда өнер көрсеткенін қалайсыз?

Ерлан Созақбаев

19 желтоқсан 2019 ж. 501 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930