» » Головкин наурыздың соңында рингке оралатыны белгілі болды

Головкин наурыздың соңында рингке оралатыны белгілі болды

IBF және IBO-ның нұсқасы бойынша орта салмақтағы жекпе-жекте чемпион атанған Геннадий Головкин келесі жолы 2020 жылдың наурыз айында сайысқа түседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы GGG серіктесі, Matchroom Boxing промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн мәлімдеген болатын. 
Айтуынша, Головкиннің қарсыласы ретінде польшалық Камил Шеремета шығуы әбден мүмкін. Бокстың халықаралық федерациясы спортшылардың жекпе-жегіне рұқсатын беріпті. 
"Головкин Шереметамен наурыздың 28-і күні сайысқа түсуі ғажап емес", - деп жазыпты Хирн. 
Бұл бәсеке GGG үшін өз дәрежесін сақтап қалу үшін арналған жекпе-жектің алғашқысы болмақ. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий 5 қазан к.ні украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын. 
Сол күні болған сайыста Шеремета мексикалық боксшы Оскар Кортесті накаутқа түсірген еді. 
 

stan.kz

23 желтоқсан 2019 ж. 494 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930