Зарина Дияс Гонконг турнирінің жеңімпазы атанды
Дүниежүзілік рейтингте 77-орында тұрған З.Дияс финалда әлемнің 72-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линьмен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік рейтингте 77-орында тұрған З.Дияс финалда әлемнің 72-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линьмен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен аяқтады.
Екінші сетте есеп 6:5 болып, қытайлық теннисші доп бергенде, Зарина матчты жеңіспен тәмамдай алды – 7:5.
Осылайша З.Дияс жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің жеңімпазы атанды.
Енді Зарина Қытайдағы Шэньчжэнь WTA жарысында бақ сынайды. Оның ертеңгі қарсыласы – рейтингте 396-орындағы қытайлық Йин-Йин Дуань. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 37-ракеткасы Елена Рыбакина ертең осында рейтингте 42-сатыдағы тағы бір қытайлық Чжэн Сайсаймен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Гонконг турнирінің финалына шыққанын, ал Юлия Путинцеваның Брисбен жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
ernur.kz