» » Қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-та өткен ITF Futures халықаралық додасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÑенниÑÑÑ ÐÒШ-Ñа Ó©Ñкен жаÑÑÑÑа жеңÑÑке жеÑÑÑ

Жарыстың ақтық кезеңінде қазақстандық спортшы америкалық Себастьян Кордадан басым түсіп, 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Попко америкалық Александр Ритсчардты жеңіп, ширек финалда АҚШ-тың тағы бір өкілі Хэррисон Адамспен ойын көрсетіп, басым түсті.

Екінші айналым ойынында қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы Стефан Козловты, ал келесі ойында америкалық Кристиан Алшонды жеңді.
 
Айта кетсек, жарыстың сыйлық қоры 15 мың долларды (5 млн 700 мың теңгеге жуық) құрады. 

Еске сала кетсек, бұл Попконың биылғы жылғы бесінші жеңісі. 

 Stan.kz 
15 сәуір 2019 ж. 566 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 214

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930