Азиада-2018: Ел қоржынына алтыншы алтын медаль түсті
Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін Қазақстан қоржынына 6-шы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадылқ комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін Жакартадағы жарыста каратеден 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 6-шы алтын медальды сады. Ол финалда қытайлық спортшы Танг Линглингті ұтып кетті. Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті. Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарының жалпы қорытындысы бойынша 6 алтын, 8 күміс және 28 қола медальмен жалпы есепте 11-ші орынды сақтап тұр.
Пікір 3