» » Бүгін Азия ойындары салтанатты түрде ашылады

Бүгін Азия ойындары салтанатты түрде ашылады



Бүгін, яғни 18 тамыз күні Джакарта мен Палембанг қаласында 2018 жылғы Азия ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

XVIII жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 18:00-де басталады. Ресми шараның ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасының байрағын 21 жастағы боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады. Қазақстан жазғы Азия ойындарына тәуелсіз ел ретінде жетінші мәрте қатысқалы отыр.
Ең алғаш 1994 жылы Хиросимада өткен ойындарға қатысып, 25 алтын, 26 күміс, 26 қола (77) медальмен жалпы есепте 4-ші орынға ие болған еді. Ал 1998 жылы Бангкокта өткен Азия ойындарында 24 алтын, 24 күміс, 32 қола медальмен жалпы есепте 5-ші орынға табан тіреді. 2002 жылы Пусанда өткен ойындарда 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медальмен қайта 4-ші орынға ие болса, 2006 жылы Дохада өткен Азиадада 23 алтын, 20 күміс, 30 қола медальмен үздік төртінші орынды сақтап қалды. Ал 2010 жылы қытайдың Гуанчжоу қаласында 18 алтын, 23 күміс, 38 қола медальмен бесінші орынға сырғысақ, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен жалпы есепте қайтадан төртінші орынға көтерілдік.
Міне, биылғы меже де осы үздік төртінші орыннан төмен сырғымау екені айдан анық. Биыл тамыздың 18-і мен қыркүйектің 2-сі аралығында Джакарта мен Палембанг қаласында өтетін Азия ойындарына 440 спортшы қатысады. Онда 462 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық атлеттер спорттың 38 түрінен жарыс жолына шығады.

18 тамыз 2018 ж. 826 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930