» » Командасына берілген жанкүйерлердің инфаркт алу қаупі жоғары

Командасына берілген жанкүйерлердің инфаркт алу қаупі жоғары

Оксфорд зерттеу орталығы командасына жан-тәнімен берілген жанкүйерлердің инфаркт алу қаупі жоғары деген тұжырым жасады. Бұл туралы BBC хабарлады. Ғалымдар 2014 жылы өткен футболдан Әлем чемпионатында Германиядан 1:7 есебімен жеңілген Бразилия жанкүйерлерінің сілекейін зерттеген. Бұл ойында фанаттардың кортизол деңгейі тым жоғары болған. Дәрегерлердің айтуынша, кортизол нормадан асып кеткенде қан қысымы жоғарылап, инфаркт қаупі артады. Зерттеу авторларының бірі: "Өзін команданың бір бөлігі санайтын жанкүйерлер ойын кезінде психологиялық стресс алады" дейді. Егер кортизолдың нормадан асып кеткен жағдайы ұзақ уақытқа созылса, қантамырлар тартылып, қан қысымы көтеріліп, жүрек ауруына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ адам бұл кезде өміріне қауіп төніп тұрғандай күйде болады. Бұған дейінгі зерттеулер жүрек ұстамасы ірі футбол турнирлері кезінде жиілейтіні анықталған. Дәрігерлер футбол матчынан кейін стадионда екпіні баяу музыка қосып, прожекторларды өшіруге кеңес береді.
Командасына берілген жанкүйерлердің инфаркт алу қаупі жоғары – зерттеу
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/60614/
26 қаңтар 2020 ж. 355 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930