Рекорд орнатқан қазақстандық ауыратлет Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды
16 жастағы қазақстандық ауыратлет Рахат Бекболат жастар арасында Ташкентте өткен Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қызылордалық ауыр атлетика мектебінің түлегі 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы болып, серпе көтеруде жасөспірімдер арасында әлем рекордын орнатқан еді. 102 келіге дейінгі салмақта Бекболат екі жаттығу нәтижесі бойынша 356 (158+198) келіні бағындырды.
Сонымен қатар, ол жерлесі Илья Ильиннің нәтижесінен озып кетті. Әлемнің төрт дүркін чемпионы Ташкенттегі сайыста топ жарған еді. 102 келіге дейінгі салмақта ол қос жаттығу нәтижесі бойынша 355 (160+195) келі көтерген.
Рахат Бекболаттың сайысқа түсуімен қазақстандық команда үшін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты тәмамдалды. Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, оның тоғызы - алтын жүлде.
kaz.tengrinews.kz