» » 16 жастағы қазақ баласы АҚШ-та әлем чемпионы атанды

16 жастағы қазақ баласы АҚШ-та әлем чемпионы атанды



АҚШ құрама штаттарында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 16 жастағы Сайрамкез Ақмолда алтынды қанжығалады. Бұл ел қоржынына түскен алғашқы медаль деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Лас-Вегас қаласында өтіп жатан әлемдік додада топ жарған қазақ баласы 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен.
Алматы облысының тумасы қарсыластарын шаң қаптырмай, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды.
Сайрамкез Ақмолда жұлқа көтеруде - 112 келі еңсерсе, серпе көтеруде - 145 келіні бағындырған. Екісайыстың қорытындысы бойынша жас спортшы 257 келіні көтеріп, өзіне берілген алты мүмкіндікті де ұтымды пайдаланған.
Бұл салмақта екінші орынды түрік спортшысы Юсуф Фехми Генч алды. Ол жалпы есеппен 254 келі көтерген. Ал үшінші орын вьетнамдық Динх Санг Буйға бұйырған. Қола жүлдегер 243 келіні еңсерген.
Айта кетейік, 8 наурызда басталған әлем чемпионаты 15 наурызға дейін жалғасатын болады. Жарысқа әлемнің 50 елінен 200-ден астам атлет қатысып жатыр.
Олардың жасы 13-17 шамасында. Қазақстан құрамасынан бұл додада бес спортшы ел намысын қорғауда.




https://kaz.nur.kz
11 наурыз 2019 ж. 953 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930