» » «ҚАЙСАР» ӨЗ АЛАҢЫНДА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

«ҚАЙСАР» ӨЗ АЛАҢЫНДА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Өткен апта соңында футболдан Қазақстан премьер-лигасы басталды. Алғашқы кезеңде жергілікті «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Алаң иелері ойын басталған сәттен шабуылға көшті. Қызылордалық команда құрамындағы ойыншылар өзгерісі «Қайсарға» тың серпін әкелгені анық байқалды. Алайда,Стойчо Младеновтың шәкірттері қанша шабуыл ұйымдастырғанымен қонақтар қақпасының кілтін таба алмады. Жалпы алғашқы таймда есеп ашылмады.

Келесі 45 минутта «Қайсар» тағы шабуылды үдетті. Бірақ, әдеттегідей ақтөбелік клубтың қақпашысы барлық шабуылға тосқауыл бола білді. Керісінше ойынның 75-ші минутында қонақтар есеп ашып, қарсыласынан бір саты жоғарылады. М.Исламқұловтың сырбойылық команда қақпасына аса сақтықпен қарайтынын жақсы білеміз. Бұл жолғы голды да оның қателігі деуге келмес. Себебі, 11 метрлік айып добын кез келген ойыншы сәтті орындайтыны сөзсіз. Мұнан кейін де «Қайсар» қанша шабуылдағанымен таразы басын теңестіре алмады. Осылайша, жергілікті команда ақтөбелік меймандарға жеңісті сыйға тартты.
Әзірге «Қайсар» турнирлік кестеде 10-шы орында тұр. Бірақ, сырбойылық клубтың бұл сатыдан әлдеқайда жоғарылайтыны сөзсіз. Себебі, мұндай құраммен әрі дәл осындай қарқынмен жергілікті команданың әлі талай асуды алатынына жанкүйерлер сенеді.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЙ.

13 наурыз 2018 ж. 1 159 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031