Францияға қарсы ойнап, жанкүйерлерге әсерлі футбол көрсеткіміз келеді – бас бапкер
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Нұр-Сұлтанда "Қазақстан - Франция" кездесуі алдындағы баспасөз мәслихаты өтті.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Франция құрамасынан ешкімді бөліп жармады.
Сондай-ақ бас бапкер алаңдағы синтетикалық төсем туралы пікірін де білдірді.
Ертең бізде, ең алдымен, қазіргі әлем чемпиондарымен ойын болады. Сондықтан Франция құрамасынан біреуді бөліп көрсету дұрыс емес. Тағы ескеретіні, футбол - бұл командалық ойын. Ойын нәтижесінің қандай болатыны барлық ойыншыларға байланысты. Бұл жерде барлығы жеке дара, әрқайсының өзіне тән шеберліктері бар. Нұр-Сұлтандағы синтетикалық алаңдары туралы жиі қойылатын сұрақтар. Иә, бұл біздің артықшылығымыз болуы мүмкін. Алайда мен әлем чемпиондары үшін алаңда айырмашылық жоқ деп ойлаймын. Қазіргі таңда өте байыпты дайындалып жатырмыз. Қандай да бір артықшылық немес ерекшелік туралы ойнауға уақыт жоқ. Команда болып Францияға қарсы ойнап, жанкүйерлерге әсерлі футболды көрсеткіміз келеді, - дейді Байсуфинов.
Сондай-ақ футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында елордада өтетін Қазақстан мен Франция құрамалары кездесуіне қазылық жасайтын төрешілер құрамы белгілі болды.
Аталған ойында беларусьтік маман Алексей Кульбаков бас төреші ретінде қызмет атқарады. Оған сол елден келген Дмитрий Жук пен Олег Маслянко көмекші болады.
Қосалқы төреші - Виктор Шимусик.
Айта кетейк, Ойын сағат 19:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Франция құрамасы Қазақстанға негізгі құрама ойыншыларын алып келді.