» » Франция футболшысы Әлем чемпионатындағы сыйақысын қайырымдылыққа берді

Франция футболшысы Әлем чемпионатындағы сыйақысын қайырымдылыққа берді



Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты жұртты сүйсіндірген қайырымдылық оқиғаларымен де есте қалып отыр. Франция құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе турнирдегі ойыны үшін өзіне тиесілі сыйақыдан бас тартты. Бұл туралы Twitter-дегі FourFourTweet аккаунты L'Equipe басылымына сілтеме жасап хабарлады.

2018 жылғы Әлем чемпионатының үздік жас футболшысы атанған Мбаппе ұлттық құрама сапында мундиальдағы жеңісі үшін берілетін сыйақының барлығын қайырымдылыққа бағыттамақ. Атап өтілгендей, 550 мың доллар көлеміндегі қаражат мүгедек балалардың қажеттілігіне жұмсалатын болды. Еске салайық, кеше, 15 шілде күні Франция құрамасы финалдық кездесуде Хорватиядан 4:2 есебімен басым түсіп, екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Төртінші голды Мбаппе соқты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ФИФА Франция Футбол федерациясына осы турнирдегі жеңісі үшін 38 млн доллар сыйақы береді. Айта кетейік, бұған дейін Хорватия ұлттық құрамасының мүшесі Анте Ребич те өз ауылдастарының несиелік-қарыздарының барлығын өтеп берген болатын.

http://www.syrboyi.kz
17 шілде 2018 ж. 877 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930