» » Тарихта екінші рет: Франция құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото)

Тарихта екінші рет: Франция құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото)


Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Кезекті чемпион анықталды. Сонымен, Франция құрамасы – 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

Автогол! Хорватия шабуылшысы Марио Манджукич баспен сәтсіз соққы жасап, өз командасының қақпасына гол салды. Есеп ойынның 18-ші минутында ашылды.
Араға 10 минут салып хорватиялық Иван Перишич қарсыластарынан айласын асырып, есепті теңестірді. Матчтың 28 минутында Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы француздардың қақпасына гол соқты.
Алайда хорваттардың қуанышы ұзаққа созылмады. Матчтың 38 минутында франциялық Антуан Гризманн 11 метрлік пенальтиден гол соқты.
Бірінші тайм француздардың пайдасына шешіліп, 2:1 есебімен аяқталды.

ТаÑиÑÑа екÑнÑÑ ÑеÑ: ФÑанÑÐ¸Ñ ÒÒ±ÑамаÑÑ ÑÑÑболдан Óлем ÑÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ñ Ð°ÑÐ°Ð½Ð´Ñ (ÑоÑо)

Ойынның 59 минутында Францияның жартылай қорғаушысы Поль Погба өз құрамасына тағы бір гол сыйлады.
Әлем чемпионаты тарихында бір мәрте жеңіс тұғырынан көрінген француздар мұнымен тоқтап қалмады. 65 минутта Киллиан Мбаппе Эрнандес шығарып берген доппен, 23 метр қашықтықтан гол соқты.
Өз қақпасына автогол салып, еңсесі түсіп кеткен Марио Манжукич болса, есеп айырмашылығын азайтып, 69-шы минутта өз құрамасына екінші голды сыйлады.
Ойын 4:2 есебімен аяқталды!

ТаÑиÑÑа екÑнÑÑ ÑеÑ: ФÑанÑÐ¸Ñ ÒÒ±ÑамаÑÑ ÑÑÑболдан Óлем ÑÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ñ Ð°ÑÐ°Ð½Ð´Ñ (ÑоÑо)

Айта кетейік, Франция құрамасы осымен үшінші мәрте әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті. 1998 жылы әлем чемпионы атанған француздар 2006 жылғы біріншілікті пенальти кезінде жеңіліп қалған болатын. Ал Хорватия биыл алғаш рет финалға шығып, футболдан тарих парақшасын жаңартты.
Еске сала кетейік, күні кеше үшінші орынды сарапқа салған кездесуде Бельгия құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңген болатын.



Stan.kz
16 шілде 2018 ж. 729 0