» » Бельгияны жеңіп кеткен Франция құрамасы финалға шықты (фото)

Бельгияны жеңіп кеткен Франция құрамасы финалға шықты (фото)

ФÑанÑиÑ

Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының жартылай финалында Бельгиямен кездескен Франция құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Санкт-Петербург стадионында өткен тартысты ойынды қос құрама да асқан жылдамдықпен әрі сақтықпен бастады.
Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, матчтағы жалғыз голды 51 минутта франциялық Самуэль Умтити соқты.
"Барселона" клубының қорғаушысы командаласы Гризманның бұрыштамадан асырған добын баспен соғып, француздарға қуаныш сыйлады.
ФранцияРассказать ВконтактеРассказать в Facebook

Ойынның соңғы сәттеріне дейін есеп өзгермей, Франция құрамасы ақтық сынға жолдама алды.
Өз тарихында үшінші мәрте әлем чемпионатының финалына шыққан француздар енді Англия-Хорватия кездесуінің жеңімпазымен жолығады.
Бельгия құрамасы болса 14 шілде күні Санкт-Петербургте қола жүлде үшін ойнайтын болады.



https://kaz.nur.kz
11 шілде 2018 ж. 604 0