» » Украина Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Украина Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты




Еуро-2020 турнирінің 1/4 финалына соңғы ойыны Швеция мен Украина құрамалары арасында өтті.  Ойын  2: 1 есебімен Украина құрамасының пайдасына аяқталды.

Шведтер қақпасына 27-минутта алғашқы голды Украина ұлттық құрамасының қорғаушысы Александр Зинченко соқты. Кейін Швеция құрамасының жартылай қорғаушысы Эмиль Форсберг есепті теңестірген еді.

Кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды – 1: 1.

Ойынның негізгі уақыты аяқталғаннан кейін жеңімпазды қосымша уақытта анықтауға тура келді. Артем Довбик 121-минутта шешуші гол соқты. Айта кетейік, шведтер ойынның қосымша уақытында 10 адаммен ойнады. 99-минутта Маркус Даниэльсон қызыл қағаз алды.
Осылайша, Украина ұлттық құрамасы Еуро-2020 ширек финалына дейін жетті. Енді Германияны турнирден шығарған Англия құрамасымен ойнайды. Еске салайық, Англия – Германия құрамалары арасындағы ойын 2: 0 есебімен аяқталды.
30 маусым 2021 ж. 482 0