» » «Қазақстан барысы» кімге бұйырды?

«Қазақстан барысы» кімге бұйырды?


4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен Х «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтті.

Турнирдің құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Абаев, ҚР мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Е.Қажыбаев 155 келі болса, ең жеңіл салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров 90 келі болды. Ақтық белдесуде Шығыс Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының балуаны кездесіп, бабы мен бағы тең түскен Дәурен Нұралинов (ШҚО) – «Қазақстан Барысы» атанды. Ал күміс белбеуді Ғалымжан Қырықбай иеленсе, қола белбеуді маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов жеңіп алды.

Шара аясында спорттық сайыстармен қатар Р.Стамғазиев, Қ.Рахым, «Алатау серілері» этно-тобы ән шырқап, тікелей эфирде ұлттық күрес жанкүйерлерінің көңілін көтерді.

Оныншы Барысқа 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқты» Qazaq kuresi ассоциациясы бірінші вице-президенті Самат Әбіш табыстады. Екінші орын иегері Жамбыл облысының балуанына 5 500 000 теңге және күміс белбеу берілді. Үшінші орын алған Маңғыстау облысының балуаны Жарылғапов Нұрдәулет 1 800 000 теңге, сәйкесінше қола белбеумен марапатталды.

Балуандарды марапаттау рәсіміне Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті Әнуар Садықұлов, Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының бірінші вице-президенті Мәлік Мурзалин, Qazaq kuresi ассоциациясы бас хатшысы,»Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қуанышбек Есекеев, Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және «Қазақстан Барысы» жобасының бас демеушісі, Магнум сауда желісінің басқарма төрағасы Азамат Османов қатысып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттады.
05 шілде 2021 ж. 869 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930