» » Қазақ балуандары халықаралық турнирден 4 медаль еншіледі

Қазақ балуандары халықаралық турнирден 4 медаль еншіледі


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен "Mongolia Open-2019" турнирі аяқталды. Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

61 келідегі Владимир Кудрин финалға дейін сүрінбей, ақтық сында үш дүркін Ресей чемпионы, Еуропа ойындарының жеңімпазы Александр Богомоевқа есе жіберді. 

Еркін күрестен 79 келі салмақтағы финалдық сында екі қазақ балуаны кездесті. Айдар Балданбаев пен Жігер Закиров арасындағы белдесуде Балданбаев жеңіске жетті. Ал Закиров жарақатынан соң енді бабына еніп келеді.

Ал әйелдер күресінен сынға түскен Эльмира Сыздықова (76 келі) қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, еркін және әйелдер күресінен команданың негізгі бөлігі Қытайда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. 

 
Фото: ашық дереккөз

08 сәуір 2019 ж. 635 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30