Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медалінен қағылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасына қола жүлдесі үшін өткен матчта жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz.
Рыбакина кіші финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған болатын. Тартысты матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакина өз еншісіне жазды. Екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен тізе бүкті. Үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен алда тұрып, нәтижесінде 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді. Осылайша, Елена Рыбакина қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де, Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленіп отыр.