» » Месси "Барселонаға" қайта оралғысы келетінін айтты

Месси "Барселонаға" қайта оралғысы келетінін айтты

МессиФранциялық "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Лионель Месси "Барселонаға" қайта оралу жайлы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Клубқа көмегім тисе, мен үшін бұл үлкен бақыт болмақ. Мен спорт директоры болғым келеді. Әзірге, "Барселонада" бұл мүмкін бе әлде мүмкін емес пе, білмеймін. Егер мұндай мүмкіндік болса, қайта оралуға келісер едім. Өзім жақсы көретін клубқа көмектесу, әрі қарай да барлығы жақсы болуы үшін жұмыс істеуге қуанамын. "Барселона" өсуін жалғастырса, әлемдегі үздік клубтардың бірі болып қала бермек", - деп айтты Месси сұхбатында. 

Еске салайық, Месси каталондық клубтан жазда кеткен еді. "Барселона" ішкі қаржылық мәселелерге байланысты ойыншымен келісімшартты жалғастырмады. Аргентикалық спортшы аталмыш клубта 2000 жылдан бері ойнап келген. 

01 қараша 2021 ж. 286 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30