» » Қазақстан құрамасы футболдан ФИФА рейтингінде 119 орында

Қазақстан құрамасы футболдан ФИФА рейтингінде 119 орында

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингінің 2021 жылғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үздік үштікте бұрынғысынша Бельгия, Бразилия және Франция тұр.
Қазақстан құрамасы 119-шы орында, алдыңғы көрсеткішін өзгерткен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері соңғы кездесуін 16 қарашада өткізді. Олар өз алаңында Тәжікстанды 1:0 есебімен ұтқан еді.
2021 жылғы 23 желтоқсандағы ФИФА рейтингі:
1 (1). Бельгия — 1828
2 (2). Бразилия — 1826
3 (3). Франция — 1786
4 (4). Англия — 1755 5
(5). Аргентина — 1750
6 (6). Италия — 1740
7 (7). Испания — 1704
8 (8). Португалия — 1660
9 (9). Дания — 1654
10 (10). Нидерланды — 1653
25 (25). Украина — 1535
34 (34). Ресей — 1493
84 (84).Өзбекстан — 1274
85 (86). Грузия — 1269
92 (92). Армения — 1242
94 (95). Беларусь — 1233
96 (96). Қырғызстан — 1228
107 (107). Эстония — 1176
116 (115). Тәжікстан — 1152
119 (119). Қазақстан — 1140
120 (120). Әзербайжан — 1139.
23 желтоқсан 2021 ж. 2 705 0