» » Бейжің Олимпиадасы: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс алаңына шығады

Бейжің Олимпиадасы: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс алаңына шығады


3 ақпанда Қазақстан құрамасы XXIV қысқы Олимпиада ойындарында жарыс жолына шығады.

Бүгін алғаш болып фристайлшылар сынға түседі.

Іріктеу турнирінде бірден алты қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Әйелдер құрамасында 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева, әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городко, Аяулым Амренова және Олеся Граур, ал ерлер командасында әлем кубоктарының жүлдегері Дмитрий Рейхерд пен әлем чемпинатының қола жүлдегері Павел Колмаков бар.

Іріктеу жарыстары Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады. Qazaqstan арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Финалға өту үшін спортшылар үздік ондыққа кіруі керек. Екінші іріктеу кезеңінде тағы 10 орын сарапқа салынады. Ол жарыстар 5 ақпанда (ерлер) және 6 ақпанда (әйелдер) өтеді. Сол күні финалдық сайыстар да ұйымдастырылады. Оны Qazsport арнасы 16:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.
03 ақпан 2022 ж. 288 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930