Юлия Галышева Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында алғаш рет фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Оған қазақстандық спортшылар қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бірінші күні могулдың жекелей сынында 10 елден келген 64 ер мен әйел жарысты. Қазақстандықтар құрамында финалға әйелдер арасында Юлия Галышева пен ерлер арасында Павел Колмаков шықты.
Олимпиада-2018 қола жүлдегері және әлем чемпионы Юлия Галышева суперфиналда бірінші орын алып, 84.82 ұпай жинады. Ал, Павел Колмаков жарыстың шешуші бөлігіне іріктеуден өте алмады. Ол 75.84 ұпаймен 12 орынға жайғасты.
inform.kz