» » Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді


Жеңілмейтін қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов Ultimate Fighting Championship (UFC) аясындағы үшінші жекпе-жегін өткізді.


Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 47 турнирінде Шавкат Гайана өкілі Карлстон Харристі жеңді. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта аяқталды – Рахмонов сәтті теуіп, қарсыласын жеңді.

Осылайша Номад UFC-дегі үшінші, ал ММА-да 15 жеңісіне қол жеткізді. Оның үстіне қазақстандық ойыншы барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтады.

Карлстон Харрис үшін бұл жеңіліс UFC-дегі бірінші, ал 17 жеңісімен мансабындағы бесінші жеңіліс болды. 
07 ақпан 2022 ж. 316 0