M-1 чемпионы Шавкат Рахмонов: Мен қазақпын
M-1 Challenge ресейлік промоушен чемпионы, қазақстандық балуан Шавкат Рахмонов спортқа қалай келгенін, Қазақстанға көшу себебі жайлы айтты.
Спортшы KAZMMA Live Channel YouTube арнасына сұхбат берді.
"Менің әкем - қазақ. Менің ұлтым қазақ. Өзбекстанда туғанмын. Атамның аты Рахман. Сол себепті Өзбекстанда тегімді Рахмонов деп жазды. Шавкат арабтың аты. Сондықтан көп адам менің ұлтымның кім екеніне байланысты көп сұрақ қояды. Мені өзбек не тәжік деп ойлайды. Достарымның көбі Өзбекстанда. Бала күнімнен ММА-ны қарайтынмын. DVD арқылы жекпе-жектерді көріп жүрдім. Самбомен айналыса бастадым. 16 жасымнан бастап самбодан жарыстарға шықтым. Сол кезден бастап әлем чемпионы болсам деп армандадым", - дейді Рахмонов.
Айта кетейік, Рахмоновқа чемпиондық жекпе жегіне дейін UFC-ден ұсыныс түскен. Ол бас тартыпты. Данил Приказбен жекпе жекке шығып, жеңіске жетті. Осылайша Шавкат 11 жекпе-жегінің 11 жеңісіне жетті. Ол барлық айқаста мерзімінен бұрын қарсыласын сұлатып тастап отырды. Борис Медведевпен, Арман Әшімовпен, Кайк Аленкармен айқасты.
Stan.kz