Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Олимпиаданың чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов никарагуандық қарсыласы Маркоса Мохиканы нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Орта салмақтағы жекпе-жек Монакода, “Казино де Монте-Карло” мекемесінде өтті. Сегіз раундтан тұратын Елеусінов пен Мохиканың жекпе-жегі үшінші раундта аяқталды.Үш минуттық раундтардың екіншісінде қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундтың 1:53 минутында төреші Мохиканы соққының астына алған Данияр Елеусіновты тоқтатты.
27 жастағы отандасымыз бесінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды. Ал 16 рет жеңіске жеткен 33 жастағы Мохика осымен үшінші рет жеңілді.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов 2018 жылдың 28 сәуірінде Нью-Йорк қаласында кәсіби бокста алғашқы жекпе-жегін өткізген. Ол Ноа Кидда есімді америкалықты нокаутқа жіберген еді.
Stan.kz