» » Қазақстандық боксшы қарсыласын жарты минутта нокаутпен құлатты

Қазақстандық боксшы қарсыласын жарты минутта нокаутпен құлатты


Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегін техникалық нокаутпен жарты минутта аяқтады.

Канададағы Монреальда өткен бокс кешіндегі күрес нәтижесі туралы Sports.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
26 жастағы қазақстандық бокшының қарсыласы 30 жастағы мексикалық Ноэ Нуньес болды. Бірінші орта салмақ дәрежесі бойынша болған сегізраундық айқас Жүкембаевтың  жеңісімен аяқталды. Қазақстандық бокс шебері қарсыласын 35-ші секундында нокаутқа құлатты.
Кәсіпқой бокста ешқашан жеңілмеген қазақстандық спортшы үшін бұл нокаут 12-ші жеңіс болды.Ал 19 рет айқасқа шыққан Нуньес алтыншы рет өзінің мансабында жеңіліске ұшырады.
Бұдан бұрын бокс туралы Standing 8 Count и Round by Boxing твиттері Батыр Жүкембаевты 2018 жылы көруге болатын проспектілер тізіміне енгізді.


http://stan.kz
02 сәуір 2018 ж. 973 0