» » Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир басталды

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир басталды

«Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир жалауын көтерді. Дәстүрлі доданың ашылу салтанатына қала әкімі Асылбек Шаменов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«Элизабет Тұрсынбаева – әлемдік спорт сахнасында өзіндік орны бар мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан спортының тарихында осы спорт түрінен қыздар арасында Әлем чемпионатында жүлде алған және рекорд орнатқан алғашқы спортшы. Ел мақтанышының жүлдесіне арналған шара өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді. Жас өрендерімізді салауатты өмір салтына ынталандырады. Жарыстың әрбір қатысушысына спорттық көңіл-күй, күш-қуат, жеңіске деген жігер тілеймін», – деді Асылбек Шәменов.
Республикалық турнирге қатысуға Ресей мен Қырғызстаннан және еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық спортшы келді. Дүбірлі сайыс 10 мамыр күні қорытындыланады.
Айта кету керек, бұл жарыс биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.
08 мамыр 2022 ж. 481 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 730

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930