» » Элизабет Тұрсынбаева Илья Авербухтың шоу-бағдарламасына қатысатын болды

Элизабет Тұрсынбаева Илья Авербухтың шоу-бағдарламасына қатысатын болды

2019 жылы Илья Авербухтың продюсерлік орталығының ашылғанын 15 жыл толады.
Ð­Ð»Ð¸Ð·Ð°Ð±ÐµÑ Ð¢Ò±ÑÑÑнбаева ÐлÑÑ ÐвеÑбÑÑÑÑÒ£ ÑоÑ-баÒдаÑламаÑÑна ÒаÑÑÑаÑÑн болдÑ


ERNUR.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Илья Авербухтың «15 лет успеха» мұз шоуына өнер көрсететін болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл шоу Almaty Arena сарайында 30 наурызда өтеді. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева атақты Денис Тенді еске алуға арналған номерін орындайды. «15 лет успеха» мұз айдыны шоуы 30 наурызда Almaty Arena 19:30-те басталады. Бұл концертте Ресейдің белгілі сырғанаушылары Алексей Ягудин, Роман Костомаров, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин, Мария Петрова, Алексей Тихонов, Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Албена Денкова, Максим Ставиский өнер көрсетеді.

2019 жылы Илья Авербухтың продюсерлік орталығының ашылғанын 15 жыл толады. Осы уақыт аралығында бұл орталық мұз айдыны шоу индустриясында ойып тұрып орын алды. Айта кету керек, Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанған болатын.


ERNUR.KZ
27 наурыз 2019 ж. 567 0