Матч кезінде дәрет сындырған қазақ футболшысы қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан кубогы кезінде ел алдында дәрет сындырған футболшының видеосы қызу талқылануда. Оқырмандардың бір парасы оның бұл әрекетін жабайылық деп бағаласа, екіншілері ешқандай инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген футбол алаңының басшыларына наразылық танытты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жайт "Мақтаарал"-"Астана" матчы кезінде орын алған. Аталған видеоны Instagram желісіндегі kzsports паблигі жариялаған. Алайда ролик елдің жаппай наразылығын тудырды.
Оқырмандардың бір бөлігі спортшыларды ешқандай инфрақұрылыммен қамтамасыз етпеген алаң басшыларын кінәлауда.
"Данни Алвес те қақпаның артына барып дәрет сындырған", "Енді не істеуі керек еді?", "Рамос та қажеттілігін өтеуге шығып кетіп еді ғой", "Футбол ойнамағандар оның бұл әрекетін түсінбейді", "Ол жерде дәретхана деген атымен жоқ шығар, енді қайтсін", "Неге күлесіңдер? Экотуалет қоймаған өздері кінəлі", "Ешқандай инфрқұрылым жоқ екен-ау...", - деп наразы болды олар.