» » Волейболдан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Волейболдан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті


Волейболдан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, биылғы ел біріншілігінде ерлер арасында «Атырау» командасы чемпион атанды. Екінші орынға «Павлодар» командасы ие болса, үздік үштікті «ТНК Қазхром» ұжымы қанжығасына байлады. Әйелдер арасында «Алтай» клубы топ жарса, екінші орынға талдықорғандық «Жетісу» командасы ие болды. Ал қола жүлдені  «Ертіс-Қазхром» командасы  жеңіп алды. Сондай-ақ, ерлер арасындағы жоғарғы лигада «Динамо-Қазығұрт» чемпион атанды. Күміс медальді «Ақтөбе» иеленсе, «Қайсар» қола жүлдені місе тұтты. Әйелдер арасындағы жарыста шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атағына ие болды. Екінші орынды «Тараз» иеленсе, елордалық «Оқушылар сарайы» командасы үздік үштікті қорытындылады.


http://www.syrboyi.kz

03 мамыр 2018 ж. 986 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930