» » Атырауда өткен халықаралық турнирде моңғолиялық қазақ чемпион атанды

Атырауда өткен халықаралық турнирде моңғолиялық қазақ чемпион атанды

Атырауда бес күнге созылған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәстүрлі турнирге биыл Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты. «Бірінші кезекте бұндай Халықаралық деңгейдегі жарыстың Атырау жерінде оныншы мәрте ұйымдастырылып жатқанын ерекше айта кеткен жөн. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еліміздің тарихында алар орны ерекше. Батыр бабаларымыздың ерлік істері көпке үлгі. Жылма-жыл жарысымызды әділ түрде жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз. Мысалы, биыл спортшыларды марапаттау үшін Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен әйгілі ауыр атлетіміз Илья Ильин келді», - дейді Атырау облысы бокс федерациясының атқарушы директоры Дінмұхамед Шәріпбаев. Бейресми командалық есепте Атырау облысының командасы 10 медаль жеңіп алды. Одан бөлек Иран, Моңғолия және Ресей мемлекеттері бір-бірден алтын медаль иеленді. Турнирдің үздік боксшысы болып Атыраулық Асылхан Ұзақбаев танылды. Айта кету керек, 56 келіде жұдырықтасқан Моңғолиялық Нұрлан Асқар - этникалық қазақ. Ол өз салмағында қарсылас шыдатпай, чемпион атанды.

Абай Абылаев
01 мамыр 2018 ж. 858 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031