» » Илья Ильин өзіне қолдау білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді

Илья Ильин өзіне қолдау білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді


Ауыр атлет Илья Ильин өзіне қолдау білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Өзінің үлкен спортқа қайтып келетіні туралы айтқан спортшы осы уақыт бойы өзіне қолдау білдіргендерге алғыс білдірді. Өзімнің сүйікті ісіме қайтып келгеніме қуаныштымын, дейді Ильин.
Сондай-ақ, Ильин басынан өткен қиын күндерде мемлекет басшысының айрықша рөлін атап өтті.
«Бүгін өзімнің рухани әкеме – мемлекетіміздің Президентіне алғыс білдіргім келеді. Былтыр қатты қиналып жүргенімде, біз ЭКСПО-да кездесіп қалдық. Ол маған: «Бәрі дұрыс. Сен – мен үшін чемпионсың. Уайымдама. Бәрі жақсы болады, саған сенемін», – деді. Мен үшін қиын уақыттарда осы қарапайым қолдау сөздері алға қарай жылжуыма ынталандырды. Нұрсұлтан Әбішұлы – мен үшін тек мемлекет басшысы емес, сонымен қатар рухани жақын адамым. Мен бақыттымын, себебі Нұрсұлтан Әбішұлы мені еңбегім үшін бағалайды», – дейді спортшы.


http://stan.kz
11 маусым 2018 ж. 772 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 081

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031