«СЫР МЕДИА» – ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
Сыр журналистері қолы қаламнан қалт етсе спортты жанынан серік етуді дәстүрге айналдырды. Жыл сайын футзалдан бақ сынайтын БАҚ өкілдері кез келген аяқдоп шеберінен кем қалмайтынын талай турнирде көрсетіп те жүр. Оның үстіне сала қызметкерлері арасында спорттық сайыстар ұйымдастыру облыс көлемінде жақсы жолға түсті. Төртінші билік өкілдері арасында өтетін турнирлердің ел ағалары тарапынан қолдау табуы қуантарлық жағдай. Аудандар арасынан алғаш Жалағаш өңірі алауын тұтатқан турнирдің эстафетасын кейін Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандары жалғастырды. Жүз шайыр шыққан киелі Қармақшы өңірінде БАҚ өкілдері биыл тағы да бас қосты. Журналистер арасындағы жаңа турнирге Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы арқау болды. Оның үстіне биыл Қорқыт бабамыз жатқан киелі өңірге 90 жыл толып отыр. Турнирдің ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес пен Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, сайыста сәттілік тіледі.
Мұнан кейін қаламгерлерден құралған 7 команда екі топ бойынша өзара шеберлік байқасты. Алғашқы ойынды бірінші топтағы «Меншікті тілшілер» мен «Тәуелсіз БАҚ» бастады. Ә дегеннен меншікті тілшілер қарсыластарының қақпасына 4 гол соқты. Мұнан кейін қатысушылар 4 мәрте қақпада тулаған допқа сағы сынған тәуелсіз БАҚ-тан жауап болмайды деп түйді. Алайда, мүлде олай болмай шықты. Жауаптың көкесі келесі кезеңде болды. «Тәуелсіз БАҚ» «Меншікті тілшілердің» бір емес, барлық голына лайықты жауап қайтара білді. Осылайша есеп 4:4-ке бір-ақ жетті. Негізі мұндай турнирлерде есептің аяқасты өзгере салуы таңғаларлық дүние емес. Оны келесі таймда меншікті тілшілер тағы бір дәлелдеді. Небәрі ойынның бітуіне 3 минут қалғанда меншікті тілшілер тәуелсіз БАҚ өкілдерінен айласын асырып, есепті 6:4-ке жеткізді.
Қарсылас командаға 3 ұпай сыйға тартқан бұл команда келесі ойынын «Жас тілшілер» командасымен өткізді. Олар бұған дейінгі турнирлерде 2 мәрте кездескен еді. Жеңіс саны бойынша осыған дейін қос команданың да ұпайы тең дәрежеде еді. Бірде жас тілшілер жеңісті қолдан жұлып алса, бірде қарсыласына есе жіберді. Бұл жолы олардың бірі-бірін аямайтыны анық. Иә, екеуі өте сақ ойнады. Қорғанысты тас қамалдай бекіткен қос команда көбіне қарсы шабуыл арқылы бірі-бірінен айласын асыруды көздеді. Тас қамалдай демей не дейміз? Қос таймда небәрі бір-ақ гол соғылды. Бұл жолы ойда жоқта «Жас тілшілер» командасының жаңа ойыншысы Елжас Әбілда жеңіс голын соқты. Осыған дейін ол «Тәуелсіз БАҚ»-тың бір мүшесі еді. Екі бірдей жеңіліс тапқан жігіттердің «Өскен өңір» командасымен өткен ойыны да қарсыластарының пайдасына шешілді. Айқын басымдықпен жеңіліске ұшыраған «Тәуелсіз БАҚ» әдеттегідей жартылай финалдың жолдамасынан қағылды.
Ал, келесі топтағы командалар арасындағы ойындар да өз дәрежесінде өтті. Төрт команданың ішінен «Сыр медиа» мен «Қызылорда» телеарнасының жігіттері келесі кезеңде өнер көрсететін болды. Ал, жартылай финалда «Меншікті тілшілерден» айласын асырған «Сыр медиа» финалда шиелілік басылым жігіттерімен жүздесті. Жартылай финалда телеарна жігіттерін қапы қалдырған «Өскен өңір» командасы финалда ІІ орынды қанағат тұтты. Осылайша «Сыр медиа» тағы да турнир жеңімпазы атанды. Осыған дейін Қармақшы ауданында өткен турнирде бас бәйгені «Сыр медиа» жігіттері қанжығасына байлаған еді. Бұл команда биыл тағы кезекті жеңісіне қол жеткізіп отыр. Үшінші орынды өзара сарапқа салған «Меншікті тілшілер» мен «Қызылорда» телеарнасының аяқдоп шеберлері барынша үздік үштікті түйіндеудің қамын жасады. Бұл ойында шешуші сәтте қарсыласын қапы қалдырған телеарна жігіттері жеңіске жетті. Тартысты өткен турнир жеңімпаздары мен басқа да қатысушы командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушы командалар 10 мың теңгеден сыйақыға қол жеткізсе, ІІІ орын иелеріне 50 мың табыс етілді. Ал, ІІ орынға жайғасқан шиелілік әріптестеріміз 70 мыңды қанжығасына байласа, турнир жеңімпаздарына 100 мың теңге қаржылай сыйлық пен Қармақшы ауданы әкімінің кубогы табыс етілді.

Кенжетай БАЛҒАБАЙ.
Пікір 1